Алматының Түрксіб ауданында бөтен адамдардың жер учаскелерін сатты деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматының Түрксіб ауданында бөтен адамдардың жер учаскелерін сатты деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяуда полицейлер жылжымайтын мүлік саудасы бойынша заңсыз келісімшарттар жасаған 39 жастағы азаматты ұстады. Ол Түрксіб ауданындағы Қайрат ауылында өзіне тиесілі емес жер учаскелерін сатқан.
"Күдіктінің айтуынша, 12 және 8 сотық екі жер учаскесінің оның әкесінің иелігінде болған. Ол ескі құжаттарды тауып алып, оларды сатпақ болған, сатып алушыларға басқа жерлерді көрсеткен. Ал шын мәнінде ол айтып отырған жер телімдері оның иелігінде емес, бұл туралы күдікті білмеуі мүмкін емес. Өзіне сенген сатып алушыларға ол күші жойылған құжаттармен басқа жер телімдерін көрсеткен. Осылайша ол алдау арқылы жер телімдерін "сатқан", - деді Түрксіб аудандық ІІБ басшысы Жасұлан Тұрысбаев.
Кейін күдікті ақшаны алып, қайта рәсімдеу мәселесінде уақыты жоқтығын айтып, созып жүріп алған. Тұрысбаевтың айтуынша, ол уақытты қасақана созған. Өз кезегінде азаматтар жер телімдері туралы мәліметтің рас-өтірігін тексермей, аса ірі көлемде ақша беріп қойған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды өтеуге уәде беріп отыр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелген. Полиция қазіргі уақытта шығынның жалпы көлемін анықтап жатыр. Сондай-ақ, күдіктің жеке басын тексеру барысында оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады. Осыған байланысты полицейлер осы адамнан зардап шеккендерді 298-54-00 және 298-54-01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.