Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді Фото: polisia.kz

Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда алаяқтардың техникасы тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер қалалық прокуратураның үйлестіруімен және ұялы байланыс операторларының бірінің мамандарының көмегімен алаяқтық тізбекке қатысушылардың бірін анықтады.

"Оның жалға алған үйінде "Киберпол" қызметкерлері 36 GSM-шлюзін тапты, оның ішінде әртүрлі ұялы байланыс операторларының 63 СИМ-картасы бар. Арнайы іс-шара барысында шағын АТС әкімшісі қызметін атқарған 22 жастағы жігіт ұсталды", - делінген хабарламада.

Алмалы аудандық полиция басқармасы абоненттің ұялы байланыс құрылғысының сәйкестендіру кодын, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату деректері бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Күдікті қамауға алынды. Алаяқтыққа қатысы бар басқа адамдарды анықтау бойынша жедел шаралар жалғасып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети