Алматыда алаяқтық жасады деген күдіктілер ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instagram/rustam.abdrakhmanov_ © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық ПД бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталғандардың бірі 1995 жылы туған ер адам интернет-ресурс арқылы адамдарды алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесемін деген жалған хабарландырулар таратқан. Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысқа шықпай қойған.

Оның әрекеті екі немесе одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау деп сараланады. Келтірілген шығын көлемі - екі миллион теңге.

Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден +7 778 879 78 88 және + 7 702 401 11 10 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Ұсталған тағы бір күдікті 1997 жылы туған ер адам. Ол өзін құрылыс компанияларының бірінің инженерімін деп таныстырып, іс жүзінде оған еш қатысы болмаса да, азаматтардың сеніміне қиянат жасап, оларға тұрғын үйді қайта жоспарлауды заңдастырып беруге уәде берген.

Бұл қызметі үшін ер адам "клиенттерден" 100 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін алдын ала төлем алған. Тергеудің осы кезеңінде ұқсас үш эпизод анықталды.

Полицейлер күдіктінің әрекетінен зардап шеккендерден +7 707 447 07 50, +7 747 699 70 02 және +7 778 622 02 19 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro