Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін жүргізуші жазаланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әлеуметтік желідегі видеодан кейін жүргізуші жазаланды © instagram/almaty___dtp

Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін көлік жүргізушісін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін көлік жүргізушісін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде көлік терезесінен бастарын шығарып ерсі қылық істеген екі қыздың видеосы тараған болатын. Бұл видео полицейлердің назарына ілініп, Алматы қалалық ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов тексеру жүргізуге уәде берген. Нәтижесінде жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі анықталды. Ол 1996 жылы туған Н. есімді ер адам болып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

"Азамат Н. ҚІЖК 593-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін (Toyota Corolla автокөлігі) жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама: 227583230010580 11.05.2022 жылы тіркелді. Жолдарда мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтінін еске сала кетейін", - деді Әбдірахманов Instagram-парақшасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети