Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды

️Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

️Алматыда Антикордың жалған қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың 6 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Өзіндік қауіпсіздік департаменті Алматы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қазіргі қызметкері ретінде таныстырған 1987 жылы туған азамат Ұлан Райды әшкереледі.

Құжаттарды тексеру барысында құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерінің жалған қызметтік куәлігін көрсеткен.

"Азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметтік куәліктерді қолдан жасау ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынына назар аударады. Осы азаматтың қатысуымен құқыққа қарсы іс-қимыл дерегі бойынша қандай да бір ақпарат болған жағдайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 немесе 8 (7172) 90-94-08 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети