Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды

Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арнайы операция кезінде пәтер тонаушылар тобы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ПД қала полицейлері пәтер ұрыларын ұстау бойынша арнайы іс-шара жүргізгендерін хабарлады. Кезекті ұрлық жасағаннан кейін "қылмыстық топ" бірден ұсталды. Арнайы бөлім қызметкерлері олжамен кетіп бара жатқан ұрыларды дер кезінде құрықтаған. Арнайы операция түнгі сағат бірде Демьян Бедный көшесінің бойында жүргізілген.

"Қазақстанның әр өңірінен келген 1990-1994 жылы туған бес ер адам ұсталды. Олардың төртеуі тонау, зорлау, адам ұрлау, бұзақылық, ұрлық бойынша бірнеше рет сотталған", - деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Спикердің айтуынша, қылмыстық бестіктің соңғы ісі Алматы қаласы Алатау ауданындағы Байжанов көшесінде орналасқан жеке үйден бөтеннің мүлкін ұрлау болды. Кешкі уақытта қаскүнемдер үйге терезе жақтауы арқылы заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырған.

Бүгінгі таңда ұсталғандардың бұрын да қатысы бар әзірше бес қылмыс анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер таратуға жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети