1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Алматыда арықтан табылған қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

©Алишер Ахметов ©Алишер Ахметов

Алматының Әл-Фараби көшесіндегі арықтан табылған қызды өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөліміне сәйкес Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті табылып, ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілі.

Осыған дейін, ІІД өкілдері өлі табылған қыздың 1992 жылғы екенін анықтады.

"Қыздың денесінде зорлық белгілері жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Өлімінің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды", - деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі.