13 шілде 2015 | 17:00

Алматыда арзан пәтер алып беремін деп адамдарды алдаған алаяқ әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы полициясы әккі алаяқты әшкереледі, ол элиталы тұрғын үй кешендерінен арзан пәтерлер алып беремін деп азаматтарға уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәлімдеуінше, ол бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылған.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы полициясы әккі алаяқты әшкереледі, ол элиталы тұрғын үй кешендерінен арзан пәтерлер алып беремін деп азаматтарға уәде берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің мәлімдеуінше, ол бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқ өзін жылжымайтын мүлік саласындағы сарапшы ретінде таныстырған. ІІД мамандарының айтуынша, ол ерекше мүмкіндікпен, арзан бағада баспана алып беремін деп ең кемі 15 адамды алдаған. "Еш жерде жұмыс істемейтін әйел өзін жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы ретінде таныстырған және осы салада ықпалды танысының бар екенін айтып, азаматтарға жақсы пәтерлерді "тиімді" сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Бұл "керемет мүмкіндік" туралы адамдар бірінен-бірі естіген. Осылайша, қысқа мерзім ішінде әйелдің клиенттерінің тізімі айтарлық ұзарған, олар танымайтын адамға ірі көлемде ақша беріп, сөзіне сенген", - деп хабарлады Әуезов аудандық ІІБ полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаев.

Арзан пәтер алып беремін деп адамдарды алдаған алаяқ көптеген арыз келіп түскеннен кейін ұсталды. Әйел ақша алғанын мойындап отыр, алайда ол қаржыны қарызға алғанын айтты. Полицейлердің сөзіне қарағанда ол әйелге алданғандардың саны 15-тен көп болуы мүмкін. "Объективті себептер бойынша олардың кейбірі полицияға арызданбаған. Осыған байланысты, Алматы тұрғындары мен қонақтарынан күдіктінің суретіне мұқият зер салуды сұраймыз. Егер сіз оның әрекеттерінен зардап шексеңіз, мына телефондар арқылы хабарлауды өтінеміз: 298-53-71 және 298-53-72. Сонымен қатар, Әуезов аудандық ІІБ полиция бөліміне ресми түрде арыз жазуға болады", - деді Қаспақбаев.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети