Алматыда арзан пәтер алып беремін деп тұрғындарды алдаған әккі алаяқ ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда арзан пәтер алып беремін деп тұрғындарды алдаған әккі алаяқ ұсталды

Алматы тұрғындарын кепілсіз несие және мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп алдаған 55 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әккі алаяққа 25-тен аса адам алданған. 

"Азаматша А. 2019 жылдан бері тұрғындарға екінші деңгейлі банктерден ақшалай несие алуға, төмен пайызбен көлік алуға, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп жалған уәде берген.

Салым сомасы қызметіне байланысты өзгеріп отырған. Көлік сатып алушыдан 1,1 миллион теңге, пәтер сатып алу үшін 3,5 миллион теңге алған. Тергеу барысында 25 эпизод белгілі болды. Қылмыстық істер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр", - деді Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.

Әйел 2006 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сегіз жыл сотталып шыққан, жазасын өтеп шыққаннан кейін де алаяқтық әрекет жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети