19 шілде 2016 | 10:51

Алматыда атыс шығарған адам тергеу изоляторына қамалды - Бауыржан Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек терактіден зардап шеккендердің жағдайын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек терактіден зардап шеккендердің жағдайын білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өздеріңіз білетіндей, кеше Қауіпсіздік кеңесінің жиынында Мемлекет басшысы қажетті шараларды жүргізуді тапсырды. Бұл - қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ішкі істер министрі мен ҰҚК төрағасы оқиғаны баяндады. Кеше таңғы 10.54-те осы жағдай басталды. 25 минут ішінде локализация болды. Қылмыскерді ұстады. Террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілгенін білесіздер. Кешке 19.30-да оны алып тастады. "Дабыл" операциясы. Құқық қорғау органдарының қызметі күшейтілді. Қазір ол алып тасталды. Жағдай тұрақты. Кеше әлеуметтік желілерде тексерілмеген, жалған көптеген хабар келіп түсті. Атқарушы құқық қорғау органдары нақты алгоритммен бұл мәліметтерді тексеріп, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қылмыскер бір орында болған жоқ. Сондықтан оны ұстауға уақыт кетті. Кеше ол ұсталды, есін жиды. Одан жауап алынды. Бүгін тергеу изоляторында", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы науқастар мен қаза тапқандар жайлы айтты. "5 адам қаза тапты, барлығы полицей. Полицейлердің ерлік көрсеткенін атап өту керек. Ешқайсысы сасып қалмады. Қарсылық көрсетті. Туыстары мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Бүгін отбасыларына барып, көңіл айтужы жоспарлап отырмыз. Қазір үш полицей өте ауыр жағдайда жатыр. Олардың өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. Зардап шеккен тағы екі адамның жағдайы жақсы. Бүгін мемлекет басшысының тапсырысымен қаза болғандардың отбасына және зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы сәйкес қаулы шығарылды. Яғни бүгін жағдай бақылауда. Сондықтан біз құқық қорғау органдарына қолдау көрсетіп, көмек көрсетуіміз керек", - деді Бауыржан Байбек. 

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарғаүйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Алматыда болған оқиғаға байланысты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы көптеген қауесет таралды. Мысалы "Жұлдыз" ықшамауданында және Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалды деген ақпараттар расталмады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети