Алматыда М. Зайнаудинов басқарған қылмыстық топқа қолдау көрсетіп отырған Әуезов АІІБ-нің бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда М. Зайнаудинов басқарған қылмыстық топқа қолдау көрсетіп отырған Әуезов АІІБ-нің бұрынғы басшысы сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бақыт Қасабеков "Пара алу", "Қызметтік бабын асыр пайдалану" баптары бойынша айыпталды. Аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы қыркүйектің ортасында кінәсін мойындау бойынша келімге келген. Бұл іске қатысты басты сот отырысы Алмалы ауданыдық сотында судья Қуаныш Әріповтың төрағалығымен өтті.
Сот шешімі бойынша Бақыт Қасабеков кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік органда қызмет істеу құқығынан өмір бойына және полковник шешінен айырылды.
Іс материалы бойынша, Қасабеков Әуезов АІІБ-нің басшысы болып тұрған кезде, 2016 жылдың сәуір және мамыр айларында қылмыстық топтың басшысы Зайнаудиновтен топқа қолдау білдіру үшін 2 миллион теңге көлемінде пара алған.
Еске салайық, Алматы прокуроры Ғабит Миразов Алматыда арнайы операция кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі ұсталғанын хабарлаған.
Арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың екі мүшесі қарсылық көрсетіп, арнайы бөлімшенінің көлігін бүлдіргені айтылады. Атыс салдарынан арнайы бөлімшенің бір қызметкері оқ жарақатын алған.
Сонымен қоса, Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков ұсталған болатын. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталып, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынғаны айтылған болатын.