Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда автобус тізгінін кондукторға беріп қойған жүргізуші жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы полициясы 26 наурызда Интернетте пайда болған видеожазбаны зерттей отырып, автобусты жүргізу үстінде ұялы телефонына қарап отырған жүргізушінің аты-жөнін анықтады", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, №63 автобустың 28 жастағы жүргізушісі қазіргі уақытта әкімшілік полиция басқармасына жеткізілді. Жүргізушіден жауап алынады. Мұнымен бірге, полицейлер оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабының 1-бөлімінде қарастырылған құқықбұзушылық дерегі бойынша әкімшілік материал жинақталып жатқанын айтты.
Еске сала кетейік, Алматыда автобус жүргізушісі кондукторға қоғамдық көліктің рулін "бұрып көруге" берген болатын. Жолаушылардың бірі автобусты қауіпті жағдайда басқарған жүргізушіні ұялы телефонына түсіріп, Желіде жариялады. Видеоның авторы жазбаның сипаттамасына бұл оқиғаның 25 наурызда сағат 11.40 шамасында, әл-Фараби даңғылымен батыс бағытында жүріп бара жатқан кезде болғанын жазған, тіпті маршруттың номері де көрсетілген.