Алматыда автобустағы қалта ұрлығы видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көлікте ұрлық жасаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың бірі 30 жастағы А. есімді азамат №86 қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны үшін ұсталған. Қаскөйдің олжасы Samsung телефоны болды.

"Күдікті қоғамдық көлік жолаушысына 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Ұрының қарбалас уақытта автобустарға мініп, жолаушылардың қалтасын тексеріп, қоғамдық көліктің бір басынан екінші жағына дейін жүргенін арнайы топ қызметкерлері жедел түрде анықтады. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық Полиция басқармасы соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алматының Наурызбай ауданында осыған ұқсас сценарий бойынша әрекет еткен тағы бір оңай ақшаны ұнататын азамат ұсталды. 40 жастағы К. есімді азамат, №15 автобуста қарт әйелдің сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тергеудің қазіргі кезеңінде бұл күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сурет: polisia.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети