Алматыда автобустағы қалта ұрылары ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автобустағы қалта ұрылары ұсталды © instagram/rustam.abdrakhmanov

Алматыда полицейлер қалалық автобустардағы қалта ұрыларын ұстады. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер қалалық автобустардағы қалта ұрыларын ұстады. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқықбұзушылар №7 және №57 бағытын таңдаған. Олар әйелдер мен мектеп оқушыларының қалталарына түскен, ер адамдарды тонамаған.

Ұрылар ұсталған. Әйел қарбалас уақытында қалтасынан телефонын ұрлап жатқанын байқаған. Күдіктілер қарсылық көрсетуге және оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Алайда екеуі де ұсталып, ұялы телефон заттай дәлел ретінде тәркіленген. Сондай-ақ, автобуста орнатылған бейнебақылау камерасынан алынған мәліметтер бұлтартпас дәлел ретінде саналады.

Қазір ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Олардың біреуі - 30 жаста, екіншісі - 31 жаста. Күдіктілер қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Ұсталғандардың екеуі де осындай қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған. Полиция осы адамдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан 8 775 117 00 06 және 8 747 133 84 44 телефондарына қоңырау шалуын сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети