31 желтоқсан 2021 | 13:28

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктіге үкім шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аяжан Еділова Аяжан Еділова

Алматыда 19 жастағы студент Аяжан Еділованы өлтірді деген қылмыскерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 19 жастағы студент Аяжан Еділованы өлтірді деген қылмыскерге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында жабық өтті. Төрағалық етуші судья Еркін Майшинов іс материалдарымен танысып, мынадай үкім шығарды:

"Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы "Зорлау" бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру, ал 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Жәбірленушілерге 26 миллиард 358 миллион теңге түріндегі моральдық залал төлеу ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алынсын", - деді судья.

Еске салайық, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Бірнеше күннен кейін Алматы полиция департаменті қыздың қаза тапқанын хабарлады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында бойжеткеннің жоғалып кеткен күні жаңа танысымен кездесуге кеткені анықталған. Бұл туралы Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров мәлімдеді. Күдікті - 1993 жылы туған азамат, Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети