Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің соты басталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің соты басталды Аяжан Еділова

Алматыда студент Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студент Аяжан Еділованың өліміне қатысты басты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс Наурызбай ауданындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып жатыр. Сот отырысының төрағасы судья Еркін Майшинов.

Сот 9 қарашада таңғы сағат 10.00-де басталды. Іс жыныстық сипаттағы жеке мәліметке қатысты болғандықтан, жабық өтеді.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматы қаласының тұрғыны Аяжан Еділова жұмыстан шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Бірнеше күннен кейін Алматы ПД өкілдері қыздың қаза болғанын хабарлаған еді. Жоғалған күні Аяжан жаңадан танысқан ер адаммен кездесуге келіскені анықталды. Күдікті ретінде Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған ер адам ұсталған. Кейінірек 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды.

Туыстары 19 жастағы Аяжан Еділованың өліміне қатысты тергеудің мән-жайын айтып берген. Жәбірленушінің ағасы Алмат Мүліковтың айтуынша, күдікті фармацевт мамандығында оқып, академиялық үлгерімсіздігі үшін екінші курстан кейін оқудан шығарылған. Алматыда пәтер жалдап тұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети