31 наурыз 2021 | 09:13

Алматыда Аяжан Еділованы өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astanatv.kz © astanatv.kz

Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты жаңа мәліметтер шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты жаңа мәліметтер шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, күдікті Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясында небәрі екі жыл оқыған. Бұрынғы студентінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған.

Факультет деканы Қанат Дәуренбековтің айтуынша, күдікті оқу орнына 2012 жылы грантқа түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған.

"Оқудан шығарылған себебі: бұл сабақтарға дұрыс қатыспаған. Пәндер бойынша сабақтарға жіберілмеген емтихандық сессияға және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға жеткен.  Ал енді мінезіне келетін болсақ, біздің әріптестердің айтуынша, ол өте салмақты. Өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен жанжалға түсіп немесе оқытушылармен жанжалға түскен кезеңдер болмаған", - дейді оқу орнының деканы Қанат Дәуренбеков. 

28 жастағы күдікті - Түркістан облысы Шардара ауданы Жаушықұм ауылының тумасы. Ол жалпы орта мектепті 2010 жылы "Алтын белгімен" бітірген. Күдіктінің ата-анасы мұғалім болған. Жаушықұм ауылы әкімінің мәліметінше, оның ата-анасы бүгінде зейнетте. Екі жылдан аса уақыт бұрын Түркістанға көшкен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети