Алматыда әйелдерді тонап жүрген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда әйелдерді тонап жүрген екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Мендебаев ұсталған екі ер адамның бір-бірімен байланысы жоқ екенін, тек екеуінің ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша ("Тонау") ұсталып отырғанын түсіндірді.
"Ұсталғандардың бірі - ОҚО-ның 20 жастағы тұрғыны, бес тонау дерегіне қатысты бар деген күдікке ілінді. Ол түнгі уақытта Абай даңғылы бойымен серуендеп жүріп, жалғыз кетіп бара жатқан әйелдердің сөмкесін тартып, қашып кетіп жүрген", - деді Данияр Мендебаев.
"Қылмыстық жолмен тапқан ақшаларды күдікті өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Кінәсін толықтай мойындады", - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы.
Ал екінші күдікті Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Жасы 32-де, осыған дейін сотты болған.
"Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, ол ұрлықты түнгі уақытта жасаған", - деді Данияр Мендебаев
"Екі күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың аты-жөні тексеріліп жатыр. Осы азаматтардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендерге мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 254-46-08 немесе 254-46-12", - деді полициядағылар.