Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматыда әйелдің басын базарға тастап ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әйелдің басын базарға тастап ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істі алқабилер қарады. Сот үкімімен, сондай-ақ алқабилердің шешімімен айуандықпен өлтірді деп айыпталған 61 жастағы азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 12-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья Мәртпек Кәкімжанов.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға биыл көктемде болған еді. Алматыдағы базарлардың бірінен пакетке салынған бас табылып, дүйім ел шулаған. Марқұм 1976 жылы туған әйел. Оның мәйіті базар жанындағы қараусыз ғимараттың маңынан табылды. Кейінірек 61 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Қылмысы дәлелденсе, Иманқосов кемі 15 жылы немесе өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети