Алматы полиция департаментінің өкілдері әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоға қатысты тергеуді бастады. Оқиға Жетісу ықшамауданында болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматы полиция департаментінің өкілдері әлеуметтік желіде таралып жатқан видеоға қатысты тергеуді бастады. Оқиға Жетісу ықшамауданында болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, 35 жастағы әйелге 15 қаңтарға қараған түні шабуыл жасалған. Осы дерекке қатысты Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
"Жедел тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта осы қылмыстың бетін ашу мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер анықталады және лайықты жазасын алады. Сонымен қатар, шабуыл салдарынан жәбірленуші зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке жүгінуден бас тартқан: оның өміріне және денсаулығына еш қауіп жоқ", - деді полиция өкілдері.