22 мамыр 2020 11:43

Алматыда балаға азғындық жасады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қызға азғындық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Алматыда қызға азғындық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің хабарлауынша, ер адам кеше кешке полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оны Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Ер адам үй-күйі жоқ кезбе болып шықты.

"Ер адам біздің бөлімшеге жеткізілді. Баланың анасы да шақырылды, ол қызына ешкім тиіспегенін және зорламағанын айтты. Ал ұсталған адам баладан сағат қанша екенін білгісі келгенін айтты. Одан әрі тексеру барысында жағдайдың мән-жайын анықтап, болған оқиғаға құқықтық баға береміз", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы полковник Дархан Мұсанов.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғыны 10 жастағы қызды өзіне қарай сайға шақырған күдіктіні қорқытқанын хабарлаған. Болған жайтты ол Instagram желісіндегі @kris.p.online парақшасында айтқан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети