12 шілде 2017 16:32

Алматыда балалардың алтын бұйымдарын ұрлап кетіп жүрген әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балалардың алтын бұйымдарын ұрлап кетіп жүрген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда балалардың алтын бұйымдарын ұрлап кетіп жүрген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеудің мәліметінше, 19 жастағы қыз тұрғын үй аулаларына кіріп, алаңдарда ойнап жүрген балаларды аңдыған. Ол қыз балаларға жақындап, әңгімелесіп, ойын ойнағандай болып, сеніміне кіру арқылы бағалы ұйымдарын ұрлаған. Оның ойынының шарты алтын бұйымдарды шешу болған. Осындай сценарий бойынша күдіктінің тергеу анықтаған төрт эпизодқа қатысы бар делінеді. 

"Қазіргі уақытта Е. деген азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұған дейін ол алаяқтықтың бес дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Көп жағдайда балалар қылмыскерді сипаттап бере алмайды немесе ата-анасы балаларының айтып бергеніне сенбейді. Осыған байланысты қала территориясында әлі тіркелмеген осындай оқиғалар болуы мүмкін. Мегаполистің тұрғындарын осы азаматшадан зардап шеккен жағдайда мына телефондарға хабарласуын сұраймыз: 298-53-01 және 298-53-02", - деді Әуезов аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Құмарбек Кеңшібаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети