Алматыда балаларға шабуыл жасаған қылмыстық үштік ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда балаларға шабуыл жасаған қылмыстық үштік ұсталды

Алматының Наурызбай ауданында бір жарым сағатта бірнеше қылмыс жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Наурызбай ауданында бір жарым сағатта бірнеше қылмыс жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, күдіктілер алдымен сабақтан қайтып келе жатқан балаларға шабуыл жасаған. Олар кәмелетке толмаған балалардың ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. Ал бір жарым сағаттан кейін 41 жастағы ер адамның ұялы телефоны мен құжаттарын қолды қылған.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 24 пен 34 жас аралығындағы күдіктілер ұсталды. Олар кінәсін мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас басқа да дерекке қатыстылығы тексерілетін болады", - деді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Меңдебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети