06 қазан 2021 | 09:45

Алматыда банк тонағандарға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда 2020 жылдың қазанында банк тонаған үш адам сотталды. Үкім Алмалы аудандық сотында маусымда жарияланған, тамызда қалалық соттың апелляциялық комиссиясы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2020 жылдың қазанында банк тонаған үш адам сотталды. Үкім Алмалы аудандық сотында маусымда жарияланған, тамызда қалалық соттың апелляциялық комиссиясы бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы соттың сайтында жарияланған іс материалында үш айыпталушы бары айтылады. Алматы тұрғындары - 35 жастағы Нартай Өмірзақов, 35 жастағы Игорь Степанов және 29 жастағы Бауыржан Әбілкәрімов. Олардың әрқайсысы тонау кезінде белгілі бір рөл атқарған. Нартай Өмірзақов жалдамалы көлікте отырып, қауіп төнген жағдайда басқаларына ескертуі керек болған. Игорь Степанов "Бекас-12М" мылтығымен қорқытып, банк қызметкерлері мен клиенттерінің әрекетін бақылаған. Ал Бауыржан Әбілкәрімов сейфтен қомақты ақша алуы керек болған.

Ер адамдар жоспарын 2020 жылдың 15 қазанында кешке орындаған, бірақ оқиға жоспар бойынша болмады. Сотта Әбілкәрімов әйнекті сындырған кезде қолын жарақаттап, кассирдің киіміне қан тамызғанын, сондықтан оның киімін шешіп тастағанын айтты. Сонымен қатар, ол сейф бос болғанын, сондықтан кассадағы соманы алғанын мәлім етті.

Реклама
Реклама

Ресми мәліметтер бойынша, қарақшылар банкке 2 394 830 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Нәтижесінде, сот Әбілкәрімов пен Степановты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Қарақшылық") бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

Нартай Өмірзақов та Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша кінәлі деп танылды, бірақ оған 190-бап ("Алаяқтық") бойынша да айып тағылды. Анықталғандай, 2019 жылы риелтор болып жұмыс істеген ер адам 7 жағдайда пәтер сатып алмақ болған адамдардың қаражатын жымқырған. Келтірілген залалдың жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады. Жалпы алғанда, сот Өмірзақовты 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот Өмірзақовқа риелторлар компаниясының қызметкерлері мен сатып алушыларға келтірілген материалдық залалды қайтаруды міндеттеді.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Олар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейдегі мекемелерде өтейді.

Бір қызығы, ер адамдардың қару қолдануға және сақтауға рұқсаты болған.

Нартай Өмірзақов - үйленген, орта білімі бар, жұмысы болған. Игорь Степанов - үйленген, орта білімі бар, жұмыссыз. Әбілкәрімов - ажырасқан, білімі орта, жұмыссыз. Олардың ешқайсысы бұрын сотталмаған.

Еске салайық, 2020 жылдың 15 қазанында Алматыда банк тонамақ болғандардың видеосы жарияланған. Жұмыс күнінің соңында екі ер адам банк бөлімшелерінің біріне кіріп, касса әйнегін сындырып, 2 миллион теңгені алып кеткен. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная