16 қазан 2020 14:07

Алматыда банкке жасалған шабуылдың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуылдың видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Топтарда Kaspi Bank-ке жасалған қарақшылық шабуылдың видеосы тарап жатыр. Бақылау камераларындағы мәліметтерге қарағанда, оқиға кеше Сейфуллин және Гоголь қиылысындағы  бөлімшеде болған", - делінген жазбада. 

Бейнежазбада екі ер адам банк бөлімшесіне басып кіріп, біреуі әйнекті сындырып, кассадағы ақшаны алып кетеді. Видеода көрсетілген күн мен уақытқа қарағанда оқиға 15 қазанда кешкі сағат жетіде Сейфуллин даңғылындағы банк бөлімшесінде болған. Бұл ғимаратта Kaspi Bank бөлімшесі орналасқан.

Банк жағдайға пікір білдірді. 

"Бейсенбі, 15 қазанда Алматыда екі қарулы тонаушы Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталып қаған еді, бөлімшеде клиенттер болмаған. Белгісіз біреулер қару-жарақпен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Бақытымызға орай, қызметкерлердің ешқайсы зардап шеккен жоқ. Полиция тез арада келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс істейді. Қылмыскерлер заң бойынша табылып, жазаланады", - деп хабарлады банк өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети