Астанада қаладан шығу жолы уақытша өзгерді: сызба

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада қаладан шығу жолы уақытша өзгерді: сызба Фото:depositphotos.com

Астанадағы Тілендиев даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты аталған учаскеде қаладан шығу бағыты төрт күнге өзгертілді. Көлік қозғалысы уақытша айналып өту схемасы бойынша ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімі сайтына сілтеме жасап.


Тілендиев даңғылындағы жөндеу жұмыстары Баршын көшесінен көлік айрығына дейінгі аралықта жүргізіледі. Осыған байланысты 22 мен 26 шілде аралығында мұнда автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Қалаға кіру әдеттегі режимде жүзеге асырылады. Қаладан шығу келесі суретте көрсетілген уақытша айналып өту схемасы бойынша ұйымдастырылады:

выезд из АстаныФото: t.me/ikomek109

Жүргізушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеруді және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.