Алматыда 18 жастағы "Ақсай" университет клиникасының бас дәрігерінің орынбасарының ұлы Жанұр Байқонысты өлтірген оқушыға қатысы сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алматыда 18 жастағы "Ақсай" университет клиникасының бас дәрігерінің орынбасарының ұлы Жанұр Байқонысты өлтірген оқушыға қатысы сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Төбелес кезінде 18 жастағы студентті мерт қылған жоғары сынып оқушысы алдағы 2 жарым жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
"Абылай Әлішев қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі, яғни "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің 55 бабының 2,4 бөлігін басшылыққа алынып, екі жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді", - деді Алматы қалалық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.
Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға тамызда болған еді. Кісі өлімімен аяқталған жанжал жуылмаған ыдыс-аяқтан шыққан. Ортақ таныстарының үйінде тамақтанған жігіттер мәселені шешуге көшеге шыққанда төбелес басталады. Соққыдан жерге құлап, басы бардюрге соғылған Жанұр Байқоныс тіл тартпай кеткен. Кейін оның белгілі дәрігер Шахерезада Ахашеваның ұлы екені анықталды. Мерт болған бала биыл өз күшімен Қытайға оқуға түсіп, сол жаққа кеткелі жүрген беті екен. Ал 16 жастағы Абылай Әлішев сотта кінәсын толық мойындады.
Дереккөз: КТК