22 маусым 2023 09:59

Алматыда бес секс-притон әшкереленді: видео жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polisia.kz кадры Polisia.kz кадры

Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы полицейлері бес жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мәліметінше, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заңбұзушылықтар республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған.

Алматы прокуратурасының үйлестіруімен жедел және арнайы іс-шаралар жүргізілген.

"Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, монша кешендерінде, сауналарда, қонақүйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.

Сонымен қатар, арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ, емдік массаж жасайтын орынның кейпін жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды", – деді Алматы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети