Алматыда бетіне тату салдырған актер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бетіне тату салдырған актер ұсталды Сурет Алматы ПД баспасөз қызметінен

Полиция бірнеше алаяқтық дерегі бойынша бұрынғы актерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция бірнеше алаяқтық дерегі бойынша бұрынғы актерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1998 жылғы жігіттің бетінде "не вижу смысла" - деген татуйровка жазылған. Ол бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтегені анықталды. 

"Азамат А. өзі үшін дұрыс шешімдер шығарып, бұрыс жолға түсіп, қылмыстық заңбұзушылықты қайталады. 21 жастағы күдікті алаяқтық дерегі бойынша ұсталған. Негізінен ол кәмелетке толмағандарды алдап келген. Ол өз танитын мектеп жасындағы балалардың сеніміне кіріп, теріс пиғылын іске асырып отырған. Бір жағдайда, ол аулада 15 жастағы танысын көріп қалып, видео бастыру үшін үйінен ноутбук алып шығуын сұраған. Қаскөй ноутбукты ала салысымен дүкенге кіріп, екінші есігінен шығып, ізім-ғайып жоғалған.  Ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Тағы бір жағдайда ол кәмелетке толмаған қыздың телефонын алып, пайдасын өз мүддесіне жаратқан", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің басшысы Дидар Аханов.

Осы деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

"Қылмыстық әрекеттердің бірнеше рет жасалуына байланысты мегаполис тұрғындары осы тұлғаның алаяқтығынан зардап шегуі мүмкін екенін адамдарды 298-53-70; 298-53-71 және 298-53-72 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз. Айта кетейік, азамат А. - бұрынғы актер, ол екі драмалық картинаға түскен", - деді Дидар Аханов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети