Алматыда белгісіз біреулер бизнес-орталықтың екінші және жетінші қабаттардың аралығында орналасқан кеңселерді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның куәгеріне сілтеме жасап. Оның айтуынша, оқиға 2017 жылы 31 тамызда Төле би көшесінің бойындағы ғимараттардың бірінде болған.

Куәгердің айтуынша, күзетші 23:00-дер шамасында кеңседен кетіп қалған. Ұрлық туралы тек таңғы 07:30-де жалға алушылар келгенде белгілі болған. "Белгісіз біреулер екінші қабаттағы балконнан кірген, басқа да кеңселерге балкон арқылы кірген. Балкондағы есіктер сынған. Ғимараттағы кеңселерде түрлі компаниялар орналасқан", - дейді куәгер.
Өз кезегінде Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек осы оқиғаға қатысты екі арыз түскенін айтады. "Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі ("Ұрлық") бойынша іс қозғалды. Залал мөлшері есептеліп жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыстың бетін ашу мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілі.