Алматыда бизнесменді бопсалады деген күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Алматыда 41 жастағы бизнесменнен 260 мың доллар бопсалады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 41 жастағы бизнесменнен 260 мың доллар бопсалады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнесмен полицияға арыз берген. Оның айтуынша, бейтаныс адам ойдан шығарылған қарыз туралы айтып, одан 260 мың доллар талап етіп, физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқан.

"Бұл дерек жедел және арнайы іс-шаралар өткізу барысында расталды. 1981 жылы туған азамат физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, кәсіпкерден қомақты қаржы талап еткен. Күдіктіні полиция жасағы арнайы операция нәтижесінде ұстады. Тінту барысында ақшалай қаражат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабында, 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Берік Әбілбеков.

Полицейлер арнайы операцияны кешке Әл-Фараби даңғылында орналасқан кафелердің бірінде өткізген. Күдікті жақын жерде тұратыны анықталды, сондықтан ол кездесуді ыңғайлы жерде ұйымдастырған. Ол кінәсін толық мойындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети