24 сәуір 2017 | 13:36

Алматыда бизнесменге қарақшылық шабуыл жасалды: 35 миллион теңге ұрлаған адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер құрылыс компаниясының директорына қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер құрылыс компаниясының директорына қарақшылық шабуыл жасағандардың бірі делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құрылыс компанияларының бірінің директорына бір топ адам 2016 жылдың 30 қарашасында шабуыл жасаған. Оқиға Алматы қаласындағы Түрксіб ауданында болған. Қылмыскерлер 35 миллион теңгеден аса ақша болған портфельді алып кеткен. 

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тіркелді. Жедел-тергеу тобы құрылды, тергеу барысы жайлы бірқатар тыңдау өтті, осы қылмысты ашуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 сәуірде ішкі істер органдары күдіктілердің бірін ұстады, ол қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратура органдары осы оқиғаны хабарлай отырып, қалалықтарды сақ болуға, бөтеннің мүлкін және қаражатына абай болуға шақырады", - деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети