Жамбыл облысының екі тұрғыны ішінде 130 мың доллар болған сөмкені ұрлап кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысының екі тұрғыны ішінде 130 мың доллар болған сөмкені ұрлап кеткен. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы қалалық ІІД қызметкерлері бизнесменнің көлігінен 130 мың доллар ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткен Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
ІІМ өкілдері автокөлік иелеріне өздерінің мүліктерін сақтауға қатысты шаралар қолдану керектігін ескертіп, көлікте бағалы заттар, құжаттар және ақша қалдырмауға кеңес берді.