Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның кім екендігі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның кім екендігі анықталды

Полицейлер Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматыда бөлшектелген денесі табылған ер адамның есімін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары қаза болған адамның есімін жариялаған жоқ. Мәліметтер жақын арада толықтырылады деп күтіледі. Сонымен қатар, ер адамды өлтірді делінген азаматтың кім екені анықталған. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың айтуынша, ер адамның мәйітінің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қылмыс болған пәтерді де анықтаған.

Айта кетейік, осыған дейін Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінде ер адамның дене мүшелерін тапқаны жайлы айтылған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, адамның қалдықтары - басы және қолы. Ол контейнердің ішіндегі мүшелерді қоқыс жәшіктерін қарап жүрген үйсіз адам көрген. Полицейлер тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, куәгерлерді сұрастырып жатыр. Оқиға орнына қалалық ІІД-нің басшысы Серік Күдебаев келді. Сондай-ақ оқиға орнында прокурорлар да жұмыс жасап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети