Алматыда бойжеткен аяусыз соққыға жығылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бойжеткен аяусыз соққыға жығылды

Алматыда көше ортасында келіншекті соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көше ортасында келіншекті соққыға жыққан күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде қыз баланың соққыға жығылған видеосы тарады. Видео сипаттамасында аталған оқиға Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында, Алматы технологиялық университетіне қарама-қарсы бетте орын алғаны айтылады.

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын мәлімдеді.

"Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети