13 мамыр 2016 | 17:05

Алматыда бір жасар қызын сатпақ болған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматы қаласының тұрғыны өзінің 1 жасар қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатып, кейіннен 670 мың теңгеге сатуға ұсыныс алғаннан кейін басқа адамдарға сатпақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының тұрғыны өзінің 1 жасар қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатып, кейіннен 670 мың теңгеге сатуға ұсыныс алғаннан кейін басқа адамдарға сатпақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың анасы Жамбыл облысы Меркі ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қызын сатып алатын адамды ол Алматыда екі аптадай іздеген. Сатып алушыны іздестіруге әйел өзінің 51 жастағы танысын араластырған. Екеуін де баланы сатып алушыларға беріп, ақшаларын алып жатқан уақытта ұсталған. "Тінту барысында 670 мың теңге табылды. 200 мың теңге қыздың биологиялық анасына, ал қалған 470 мың теңгені делдал өзіне қалдырмақшы болған", - деп хабарлайды Алматы қаласының  ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасындағылар.


© Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі

Полицейлер қызды сату туралы екінші рет жасалған келісім екенін түсіндірді. Осыған дейін 25 жастағы күдікті қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатқан. Бірақ одан да табысты ұсынысқа байланысты ол қызын қайта алып кеткен. "Кәмелеткен толмаған баланы сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да жайттары алдағы өндіріс кезінде анықталады", - деді ҰҚКБ қызметкерлері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети