Алматы қаласында екі жігіт бір түнде екі дүкенге қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматы қаласында екі жігіт бір түнде екі дүкенге қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
7 ақпан күні сағат 03.00 шамасында полицияға Алматы қаласындағы Рысқұлов - Емцов көшелерінің қиылысында қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен "Боран" экипажының қызметкерлері қарақшылық жасауға күдікті ретінде екі жігітті ұстады.
Бағдарлама тілшісінің мәліметінше, белгісіз екі адам аялдамадағы дүкенге кіріп, сатушы қызды ұрып, ақша талап еткен. Бұған дейін олардың "Массагет" бизнес орталығы ауданындағы тағы бір дүкенге қарақшылық шабуыл жасағаны анықталды. Тексеріс барысында олардан ақша табылды. Жапа шеккендерді жедел жәрдем қызметі тексеріп шықты, ауруханаға жатқызылған жоқ. Ал күдіктілер аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда сатушыларды алдап, алаяқтық жасаған екі жігіттің ұсталғаны хабарланған болатын. Олардың бірі - 21, екіншісі 19 жаста, екеуі де жұмыссыз. Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімінің басшысы Мұрат Қаспақбаевтың айтуынша, екі жігіт ақша табудың оңай жолын іздеп, алаяқтық әрекет жасаған.