Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бренд киімдер дүкенін тонағандар ұсталды © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматы қаласы Алмалы ауданында киім-кешек пен аяқкиім сататын дүкенді тонап кеткен үш ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның түрлі облыстарының 39, 37 және 33 жастағы үш тұрғыны жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан киім-кешек дүкенін тонаған.

Қылмыс болған сәтті куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған. Кадрда қарақшылардың бірі ұрланған заттарды көліктің жүксалғышына салып жатқанын көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

"Олар ұрланған киімдерді мөлшері мен маусымына қарай сұрыптап қойған. Олардың басқа да қылмыстарға қатысқаны анықталды, ол үшін де жаза қолданылады", - деді Алматы ПД бастығының орынбасары.

Алмалы аудандық ПБ тергеушілері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети