14 қыркүйек 2018 18:11

Алматыда букмекер кеңсесінің курьерін тонағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorlovka.today © gorlovka.today

Алматыда букмекерлік кеңсенің курьерін тонаған Түркістан облысынан келген жігіттер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда букмекерлік кеңсенің курьерін тонаған Түркістан облысынан келген жігіттер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, күдіктілердің жасы 25-26-да. Олар жалдамалы пәтерде тұрған. 

"Қаскөйлер біреудің айтуымен қылмысқа баруы мүмкін, себебі зардап шеккен адам қаладағы букмекерлік кеңседе курьер болып қызмет еткен. Оның жұмысы - кеңселерге қаражат тасу болған. Әр фигуранттың өз қызметі болған: біреулері ешкім көріп қоймауын қадағалап отырған, ал басқалары жәбірленушімен айналысқан. 

Курьерді шалып құлатып, олар сөмкені алып, жан-жаққа қашқан. Ары қарай көлікпен қашқан. Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде 2 миллион 470 мың теңге болған", - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев.

Бір сағат ішінде полицейлер қаскөйлердің қашқан көлігін анықтаған. Тағы біраз уақыттан соң осы қылмыстық істің барлық қатысушысы ұсталған. 

"Күдіктілер бұрын соңды осындай істерге қатысы бар болып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК 191-бабы ("Тонау" ) бойынша жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети