️Алматыда AA Trade Company ЖШС басшысына қатысты аса ірі көлемде мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату дерегі бойынша соталды тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 миллион теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталған.
"Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!