Алматыда дүкенге қарумен шабуыл жасағандар ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда дүкенге қарумен шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дүкенге қарумен шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан азық-түлік дүкеніне жасалған шабуыл туралы дабыл "102" басқару пультіне түнгі сағат бірде келіп түсті. Қаланың жедел кезекшісі дереу жақын маңдағы патрульдік экипажды ауыр қылмыс болған жерге бағыттады.

"Полицейлерді дүкенде 72 жастағы әйел қарсы алды. Оның айтуынша, ғимаратқа медициналық бетперде киген төрт ер адам кіріп келіп, тапаншамен қорқытып, онымен бір рет аспанға атып, ақша сұраған. Алайда, олар дүкенде тағы бірнеше сатушы бар екенін көріп, қорқып, қашып кеткен. Бірақ олардың екеуі жасырынып үлгермеді. "Буран-288" патрульдік полиция экипажы осы қылмысқа қатысы бар Алматы облысы Талғар ауданының 20 жастағы тұрғындарын "ізін суытпай" ұстады. Тінту барысында күдіктілердің бірінен пневматикалық тапанша анықталды және тәркіленді", - деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталды, оларды ұстау бойынша шаралар қабылдануда. Бұл факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.11  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro