03 ақпан 2017 16:32

Алматыда екі миллиард теңге салық төлемеген кәсіпкер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz мұрағатынан © Тengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстандық кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке ТМД елдері арасында мемлекетаралық іздеу жарияланған. Оған екі миллиард теңге салық төлемеді деген айып тағылған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 


Қазақстандық кәсіпкер Абылай Ғабжалиловке ТМД елдері арасында мемлекетаралық іздеу жарияланған. Оған екі миллиард теңге салық төлемеді деген айып тағылған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ғабжалилов екі күн бұрын Алматыда ұсталды, қазіргі уақытта ол тергеу абақтысына қамалды", - деді Алматы МКД ЭКҚ өкілдері.

Оған екі миллиард теңге салық төлемеді деген айып тағылған. Сонымен қатар, ол - ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы. Олар салық төлеуден жалтарып жүрген. Топ мүшелері сот процесінің басталуын күтіп отыр. Олар көмір, тұз сатумен айналысқан. 

Осыған дейін ведомство өкілдері көмір сатқан пайдасынан бюджетке салық төлемегені үшін қылмытық іс жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Бұл заң бұзушылықтар 2011-2012 жылдар аралығында болған. Ведомство мәліметінше, тергеу 2015 жылы басталған. "Оған қатысты тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-тармағы ("Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару") және 21-бабының 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)"). Ол бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 1-тармағы ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық іске басқа да адамдардың қатысы бар", - деді МКД қызметкерлері. 

Ведомстводағылар Ғабжалиловке қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Осы іс бойынша тағы бірнеше адам ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети