Алматыда екі полицей пышақталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: vestikavkaza.ru Иллюстрациялық фото: vestikavkaza.ru

Алматыда күдіктілерді ұстау барысында екі полицей жараланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда күдіктілерді ұстау барысында екі полицей жараланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 сәуірде Наурызбай аудандық полиция басқармасына ер адамнан арыз түскен. Арызы бойынша, ол Daewoo Nexia маркалы автокөлігін жалға алып, төлейтін ақшасын екі күнге кешіктірген. Сондықтан жалға алынған көліктің қожайыны бірнеше адаммен келіп, оны соққыға жыққан және екі ұялы телефонын тартып алған. Сонымен қатар, төлеуі тиіс 14 мың теңгенің орнына енді 40 мың беруін талап еткен.

Бұл арыз бойынша іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қаскүнемдер арызданушы ақшаны беруі тиіс орынға төрт адам болып келген. Жоғарыда аталған қылмыс бойынша күдіктілерді ұстау барысында олар қарсылық көрсетіп, Наурызбай аудандық ПБ қылмыстық полиция бөлімінің жедел қызметкері, полиция аға лейтенанты А. Мұхиддиновтың иығына, ал полиция капитаны А. Қожаевтың кеуде қуысы мен санына пышақ салған. Екі полицей де шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оларға ота жасалды. Қазір жағдайлары тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Енді қылмысқа қатысушылар іздестіріліп жатыр. Екі күдікті ұсталған, тағы екеуі - іздеуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer