Алматыда екі тонаушы ұсталып, қару-жарақ тәркіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі тонаушы ұсталып, қару-жарақ тәркіленді © instagram/rustam.abdrakhmanov_

Алматыда Жамбыл облысының 44 жастағы тұрғыны және Алматы облысынан келген 24 жастағы тұрғын ұсталды. Олар екі қару-жарақ дүкенін тонады деген күдікке ілінген. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктілер жалға алған пәтерді тінту кезінде полицейлер ойық және аңшылық мылтықтарды, оқ-дәрілер, сауыт, оптика, бинокльдерді, әскери киімді, ұялы телефондарды, аяқкиімді тәркілеген.

Күдіктілер тонауға қатысқанын мойындады. Олар ұрланған заттарды алып қаладан кетуді көздеген.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

© polisia.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети