Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджері зорлық жасағаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне зорлау ісі бойынша үкім шықты. Материалдар №2 Бостандық аудандық сотында қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда экс-прокурор мен банк топ-менеджеріне зорлау ісі бойынша үкім шықты. Материалдар №2 Бостандық аудандық сотында қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот К. Алиқұл мен Т. Тлембаевты кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді судья.

Судья жәбірленушіге келтірілген 546 838 теңге мөлшеріндегі материалдық залалды ішінара бірлесіп төлеуге рұқсат берді. Сотталғандар жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін де үш миллион теңгені бірлесіп төлеуі тиіс.

Үкімге 15 тәулік ішінде шағымдануға болады.

Еске салайық, іс сотқа 2020 жылдың жазында түскен болатын.

Зорлау 2019 жылы 7-8 қарашаға қараған түні Алматының Бостандық ауданында болған. Адвокаттың айтуынша, жігіт қызды жалғыз боламыз деп алдап, өзіне шақырған. Алайда кейінірек жәбірленуші пәтерде бөтен мас адамдар бар екенін көрген.

"Жігіт жанжал шығарып, қызды ұра бастаған, содан кейін оған достары да қосылады. Қызды қорлай бастайды. Екі күдікті жәбірленушіні таңғы алтыға дейін зорлаған. Екі бап бойынша іс сотқа берілді. Кейін олардың бірі прокуратураның бұрынғы қызметкері, екінші күдікті - банк топ-менеджері екені белгілі болды", - деген сол кезде адвокат Жанна Оразбахова.

Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер күдікті 2012 жылы органдардан кеткенін атап өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro