Алматыда ер адам бес жасар баланы зорламақ болды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам бес жасар баланы зорламақ болды деген күдікке ілінді

Алматыда Түрксіб ауданында ер адам баланы зормалақ болды деген күдікке ілінді. Ер адамның әрекеті Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Түрксіб ауданында ер адам баланы зормалақ болды деген күдікке ілінді. Ер адамның әрекеті Желіде тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 жасар баланы дүкенге алып кетпек болған ер адамның видеосы Instagram желісі мен бірнеше топта тарады. kris.p.online жазылушысы оның ауласында педофил жүргенін және оның жазаланбай қалуы мүмкін екенін жазған.

"Көршісі алаңда балаларға күліп тұрған ер адамды байқаған, кейінірек ол ұл балалардың бірін дүкенге баруға шақырған. Оның бұл әрекеті күдікті болып көрінген, содан көршісі ер адамның соңынан жүрген. Ер адам көршісін байқаған соң балаға бұталардың арасында тығылып, сол жақта күтуін сұраған. Мұның барлығы бейнебақылау камераларына түсті. Баланың ата-анасы полицияға арыз жазды. Ер адамды ұсталды. Бүгін оны босатты, іс жабылды", - делінген әлеуметтік желілерде тараған хабарламада.

Бірақ полиция өкілдері бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатқанын айтты. Ведомство бұл оқиғаның Түрксіб ауданында болғанын, ал 10 шілдеде Департаментке арыз түскенін айтты.

"Бұл дерек қазіргі уақытта Түрксіб аудандық қылмыстық атқару жүйесі бөлімінің полиция бөлімінде қаралып жатыр. 1961 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды, ол балаға су сатып алғысы келетінін айтты. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталады", - деп хабарлады Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети