Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам досының 11 жастағы қызын зорламақ болған Көрнекі сурет

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу барысында М. есімді ер адам туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Бәрі ұйықтап кеткен соң қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған. Бала айғайлап көмек сұраған. Көмекке әкесі мен ағасы келген.

"Олар полиция шақырып, күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Жасалған құқықбұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М. есімді ер адамның мойындауы, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлауға оқталу") бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға жеткілікті болды", - делінген хабарламада.

Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М. есімді ер адамға 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети