3 тамызда таңға жуық Алматы полициясына алматылық бір азаматша хабарласып, біреулердің зорлап кеткені жөнінде жеткізді. Әйелдің айтуынша, ол тәулік және белгілі бір сағатқа пәтерін жалға берумен айналысады екен. Оған қорлық көрсеткен азамат та пәтерін сондай жалға алушылардың бірі көрінеді, - деп хабарлады "Алматы" телеарнасының "Куәгер" бағдарламасы.

Анықталғандай, қылмыстық әрекет пәтердің ішінде болды. Оның есігі ішінен құлыптаулы болған.
Полиция қызметкерлерінің бірі 7-қабатта орналасқан әлгі пәтердің ішіне сым арқылы 8-қабаттан түсіп, есікті ашады. Сол уақытта жәбірленушінің нұсқаған күдіктісі ұйықтап жатқан екен. Ұсталған ер адам аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді.