31 мамыр 2017 | 15:33

Алматыда ер адам жанжалдасып қалған танысын өртеп жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында адам өлтіру қылмысы бойынша күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында адам өлтіру қылмысы бойынша күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сот 2016 жылдың 23 наурызында күдікті бұрын жанжалдасып қалған азаматтың үстіне өртенгіш сұйықтық шашып, от қойғанын анықтады. Оқиға дүкеннің ішінде болған. Осыдан кейін күдікті сыртқа шығып, от лаулап кеткенше есікті жауып тұрған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 

Денесін күйік шалған азамат оқиға орнында көз жұмған.   

Сот шешімі бойынша, күдікті ҚР ҚК-нің 99-бабының 5-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған азамат жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.

Сот үкімі заңды күшіне әзірше енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети