Алматының Түрксіб ауданында жеті жасар қыз өлтірілген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
Алматының Түрксіб ауданында жеті жасар қыз өлтірілген. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.
"7 шілдеде 22.00-де қыздың анасы 2009 жылғы баласының жоғалғанын хабарлады. 22.50-де полиция қызметкерлерінен құралған іздеу тобы қыздың денесін үй маңындағы құдықтан тапты", - деп хабарлады Әзірбек.
Оның айтуынша, полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстапты. Бұған дейін ол бірнеше қылмысы үшін сотталған екен. "Өлімінің себебі - механикалық асфиксия, қызды буындырып өлтірген", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі. Қылмыстың мотиві анықталып жатыр.